2022 жылғы 20-25 қазан күндері аралығында Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған іс-шаралар кешені аясында мемлекеттік бағдарламалар мен кәсіпкерлікті меңгеру бойынша оқыту курсы өткізіледі.
Курстың негізгі мақсаты Шымкент қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жастарға кедергісіз орта қалыптастыру, өмір сүру сапасын арттыру және өмірдің барлық салаларында қызметтерге қолжетімді екендігін жеткізу, жастарға арналған тиімді мемлекеттік бағдарламаларды толық түсіндіру, кәсіпкерлік саласындағы мүмкіндіктер алаңының орасан зор екенін жан-жақты оқыту.
Аталмыш оқыту курсына 5 күн бойы жалпы 100 мүмкіндігі шектеулі жасты оқыытатын болады.