«AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалында қалалық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мәжілісі өтті. Жиынға фракция мүшелері, партия филиалы жанындағы агроөнеркәсіп кешені комитетінің төрағасы Қайрат Имашев, Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыров қатысты.
Фракция жетекшісі Төлеген Бекайдаров жүргізген жиынға қатысушылар Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын насихаттау бойынша әңгіме өрбітіп, басым бағыттар бойынша пікір алмасты.
– Биылғы Жолдау Президент бастаған саяси жаңғыру процесінің экономикалық өзгерістермен жалғасатынын көрсетіп отыр. Саяси-құқықтық трансформация халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған нақты іс-шаралармен жалғаспақ. Бұл мемлекеттің дамуы үшін қажет өзгерістердің кешенді түрде және кезең-кезеңімен қолға алынып жатқанын айқындайды.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында қарапайым халықты толғандырған нарықтық тұрақсыздық, бағаның өсуі, құрылыс және аграрлық секторларды дамыту, жерді игеру, салық мәселелері, ұлт денсаулығын сақтау жолындағы бастамалар мен тың реформаларды жүзеге асырудың қажеттігіне баса назар аударды, – деді Бекайдар Мұсаұлы.
Стратегиялық құжатта жастарға жағдай жасау, олардың сапалы білім алып, тұрақты жұмыспен қамтылуы, төмен пайызбен несие алуы сияқты міндет-ұсыныстар алдағы уақытта жүзеге асатын болса, қоғамның жастар бөлігі бірқатар жеңілдікке ие болар еді. Мемлекет басшысы Жолдауда жатақхана мәселесін орынды көтерді. Бүгінде жастардың алдында үлкен міндеттер тұр. Олар өз білімін әрі қарай ел келешегінің дамуына арнап, экономиканың қай саласында болмасын еңбек етуді қалайды.
Жиында, сондай ақ, Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыровтың басқармада 9 айда атқарылған жұмыс туралы есебі тыңдалды.