Бүгін Шымкент қалалық психикалық денсаулық орталығына қарасты емханасында Ашық есік күні шарасы ұйымдастырылуда. Дүниежүзілік Психикалық денсаулық күніне орай ұйымдастырылған шарада тұрғындарға терапевт, психолог мамандары кеңес беріп, медициналық көмек көрсетуде. Ашық есік күні 10-қазан күні емханда 17:00-ге дейін жалғасады.
Психикалық денсаулық — бұл адам баласының өз қабілетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, өмір қиыншылықтарына төтеп бере алатын, өнімді еңбек етіп, қоғамның дамуына үлес қосуға мүмкіндігі бар жайлы жағдайы.
Психикалық денсаулықты сақтау үшін ең алдымен, жасөспірімдер және олармен жұмыс істейтін кәсіби мамандар, сондай-ақ, халық арасында жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайтудың маңыздылығы туралы білім деңгейін арттыру керек.
10-қазан Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні – қоғамға психикалық денсаулық мәселелері туралы ескерту және психикалық денсаулықты нығайтуды қолдауға күштерін жұмылдыруға себеп. Дәл осы халықаралық күн оны «қорғауға» арналған.
Психикалық денсаулық – бұл біздің өз әлеуетіміз бен қабілеттерімізді жүзеге асыру, күйзелістерге төтеп беру, тиімді жұмыс істеу және қоғамға айтарлықтай пайда әкелетін әрқайсымыздың жақсы өмір сүруіміздің негізі. Ол адамның өмір сүру процесінде ол әртүрлі күйзелістік жағдайлардан зардап шегеді, демек, бұзылулар мен ауруларға әкеледі.«Психикалық денсаулық пен амандықты жаһандық басымдыққа айналдыру» – биылғы жылдың тақырыбы. Бұл күннің мақсаты – халықты психикалық денсаулық мәселелері, сондай-ақ оны нығайту, алдын алу және емдеу әдістері мен тәсілдері туралы хабардар ету.
Адамның физикалық және психикалық күйі бір-бірімен тығыз байланысты. Психикалық денсаулық күшті жүйке жүйесіне, ақыл-ой, рух және дене саулығына байланысты. Осылардың барлығы адамда болған жағдайда кез-келген өмірлік қиындықты жеңуге мүмкіндік болады. Ауру пайда болуының алдын алу маңызды.өмекке мұқтаж әр адам психикалық денсаулықты нығайту жолдары мен алдын алу шараларын білуі керек. Көмекті психикалық денсаулықты қорғауға байланысты денсаулық сақтау ұйымдары көрсетеді. Қазақстанда медициналық-әлеуметтік көмекке мұқтаж пациенттерге консультациялық, психологиялық қолдау көрсету үшін психикалық денсаулық қызметінің байланыс-орталығын ашу бойынша жұмыс жүргізілуде. Көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі.
Психикалық денсаулықты қорғау — құрамына психикалық денсаулықты нығайту, психиканың бұзылуын ескерту, мінез-құлқы мен психикасы бұзылған адамдардың стигматизациясын төмендету бойынша шаралар бар көп бағытты стратегия болып табылады.