Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» және «Отбасындағы зорлық-зомблықтың алдын алу» бойынша кездесу өткізілді.
Іс шараның мақсаты жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру. Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру. Сондай-ақ жалпы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Кездесуге Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Нұрдәулет Аманкелді, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімінің басшысы, топ жетекшісінің орынбасары Қайрат Анарбаев, «Ана үйі» қоғамдық қорының үйлестірушісі Қалдар Тунтекова және «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің» студенттері қатысты.
Кездесу барысында сала мамандары жастарға түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары, тәлім-тәрбиелілік, біліктілік, ата-ананы құрметтеу сынды тақырыптар төңірегінде сөз қозғап жастар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ әлеуметтік желілерге (инстаграм, фейсбук, телеграм, ватцап) келген ақпараттарды лайк, комментария және теріс діни ағымдағы фото-видеоларды таратпауға кеңес берді.
Айта кетсек, тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемалары қоғам үшін өзекті мәселеге айналды.
Еліміздің Президенті әр Жолдауында әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды міндеттейді. Осы орайда балалар құқығын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл – басымдығымыз болуға тиіс. Биылғы жылы да балалар құқығын қорғауға басты назар аударылды.
Жалпы, қазір елде түрлі жобалар қолға алынған. Осы әс шаралар арқылы отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың барлық кезеңдерін қамтуға мүмкіндік туады. Оны анықтауға, профилактика жүргізуге, жолын кесуге, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және оңалтуға жағдай жасайды. Бұдан басқа, заң жобаларында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің аясы кеңейтілді. Оның әрбір кезеңінде ведомствоаралық үйлестіру мәселесі шешілді. Өтініш беру қағидатынан анықтау қағидатына көшу үшін заңнамалық жағдайлар жасалды.