Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияда математика кафедрасының «Математика — ақыл-ойдың патшасы» атты онкүндігі ашылды!
Онкүндік аясында «Арнайы және инклюзивті білім берудің теориясы мен практикасының интеграциясы» тақырыбында коучинг, «Математикалық ринг» сайысы, «Әлемдік ақпараттық білім беру кеңістігі бәсекеге қабілетті ұстаз қолында» атты конференция, «Жаңа технологиялардың көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын арттыру» тақырыбында мастер клас өтеді деп жоспарланған. Одан бөлек, «Әлемнің әміршісі сандар» эстафеталық ойын, «Ғылымға құштар жас өрен» зияткерлік сайыс, «Математика өмірде» тақырыбында тақырыптық кино көру шаралары мен «Санның модулі», «Құрамында квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру», «Санның модулі», «Құрамында квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру» тақырыбындағы ашық сабақтар өткізілетін болады.
Сондай-ақ, «Рационал сандарды салыстыру», «Рационал сандарды салыстыру», «Трапеция, оның түрлері мен қасиеттері», «Трапеция мен үшбұрыштың орта сызықтары», «Үшбұрыш және оның түрлері» тақырыптарында да ашық сабақтар өтеді деген жоспар бар.
Мамандар математика – объектілердің қасиеттері мен байланыстарын бейнелейтін математикалық моделді зерттейтін адамзаттық білімнің аймағы дейді. «Математикалық модел адам ойынан туындай отырып, объективті зерттеу пәні ретінде жасалуы – керемет! Оның қасиетін тану арқылы біз нақты өмірді бейнелейтін моделдің қасиетін тани аламыз» деп В.А.Успенский жазып кеткен. Сонымен қатар, математика – ғылымдардың ең басты тілі ретінде нақты әлемнің құбылыстарын сипаттайтын әртүрлі тәсілдердің ең қолайлысын көрсетеді. Математика – бұл бір ерекше әлем. Сырт көзге ол тек мылқау сандар мен суық есептен ғана жаралған құрғақ дүние болып көрінеді. Бірақ оның ішкі сырларына сүңги білген адамға өзіндік айырықша әсемдіктері, пән сапалық түйіндері, қиялға қанат байлап, ойға қуат құятын, айналаңдағы жалғыз дүниеге жан бітіріп, құдіретті құбылыстары дайын тұр.
Сала жауаптылары оқушыларды онкүндік аясындағы жұмыстарға белсене қатысуға шақырады.