2021 жылы Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде «Төлем» электрондық билеттендіру жүйесі ендірілді. Осыған орай, автобустарда 1900 тұрақты терминал және 1200 мобильді терминал орнатылды.
Қазіргі таңда, сатылған көлік карталар саны 500 мыңнан асады. Оның ішінде 230 мыңға жуығы мектеп оқушыларының және студенттердің картасы.
Қаламызда өтінімдерді қабылдау және көлік карталарын беру бойынша 2 офис істейді. Күнделікті транзакциялар саны 300 мыңды құрап отыр, оның ішінде транзакциялардың 85% -ы көлік карталарымен төленеді.
Бұдан бөлек, онлайн режимінде қоғамдық көлік қозғалысы туралы халықтың хабардарлығын арттыруға мүмкіндік беретін «I-Kolik» мобильді қосымшасы іске қосылған. Қазіргі таңда, мобильдік қосымшаны пайдаланушылар саны 170 мыңнан асты.
Сонымен қатар, жолаушылардан қоғамдық көлікте “Төлем” электронды жол жүру картасымен жол ақысын төлеуді, егер карта болмаған жағдайда СМС немесе Kaspi QR арқылы төлем жасауды сұраймыз!
Айтпақшы, мектепте оқушылардың тегін тамақтануы да енді Tolem жүйесі арқылы іске асырылады. Жаңа жүйе жаңа оқу жылында асханалары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жұмыс істейтін 54 мектепте қолданыла бастайды деп күтілуде. Қолдарында Tolem картасы бар 1-4 сынып оқушылары мен жоғарғы сыныптардағы тиісті санатқа жататын оқушылар тегін тамақтанады. Осылайша қоғамдық көліктерде қатынау үшін қолданылатын Tolem картасы енді оқушылар үшін әмбебап картаға айналмақ. Ол карта әр оқушыға жеке-жеке, фотосуретімен шығарылатыны белгілі. Жоғарыда аталып өткендей, бұл жүйе Шымкентте әзірге 54 мектепке орнатылып отыр. Олардың толық тізімі мынадай: №№ 2, 6, 7, 9, 10, 12, 13, 14, 15, 18, 19, 20, 21, 26, 28, 29, 31, 35, 37, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 47, 50, 51, 52, 62, 64, 65, 66, 74, 75, 77, 78, 82, 83, 93, 96, 98, 100, 106, 107, 108, 109, 110, 113, 116, 117, 119, 122 мектептер. Басқа мектептердегі оқушылар ыстық тамақпен бұрынғы жүйе бойынша қамтамасыз етіледі.
Ал жаңа жылдан кейін жаңа жүйе қаладағы қалған мектептерде де енгізіледі деп күтілуде. Сондықтан, ата-аналар балаларына Tolem картасын рәсімдеулері тиіс. Ол – оңай, Tolem мобильді қосымшасын жүктеп алып, «Картаға өтінім беру» бөлімінде тиісті мәліметтерді толтыру керек. Мәліметтер тексеріліп, дұрыстығы анықталған соң рұқсат берілгені туралы хабарлама келеді және Kaspi.kz жүйесінде төлем жасауға сілтеме беріледі. Картаны рәсімдеу ақысы – 500 теңге. Дайындалу мерзімі – 7-10 күн. Дайын болғанын +7 701 315 18 52 WhatsApp нөмірі арқылы немесе tolemcard.kz сайтында ЖСН нөмір арқылы тексеруге болады.