Қаратау аудандық жастар ресурстық орталығы Орталық Азия инновациялық университетімен бірлесе «Мен Донормын» акциясын өткізді. Басты мақсат – мұқтаж жанға өмір сыйлау, жастарды қайырымдылыққа, игі істер атқаруға шақыру. Аталған шараға 30-дан астам белсенді жас қатысты.
Мамандардың сөзінше, өтеусіз қан тапсырып, адам өміріне арашашы болуға ниеттілер қатары жылдағыдан артып келеді.
-Жыл сайын қан тапсыруға ниетті адамдардың көбейіп келе жатқандығы қуантады. Бүгінгі шараға да ат салысуға ниет білдіргендердің қатарының артып отырғандығын көріп қуанып отырмыз. Мұндай сауапты іске белсене қатысқан донорларымызға айтар алғысымыз да шексіз. Жалпы, қан тапсыру сауапты іс әрі оның адам денсаулығына да пайдасы зор. Қан тапсырғанда адамның қан айналу және иммундық жүйесі жасқарып, жүрек-қан тамырлары, қатерлі ісік ауруларына шалдықпайды. Ең бастысы, донор өз денсаулығын тексертіп, өзге жанның өмірін сақтап қалады,- дейді қан орталығының мамандары.
Орталық ұжымы барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, толық медициналық тексеруден өткен донор болғысы келетіндерді қабылдады. Науқан барысында жастар ерікті өтеусіз донор болды. Еріктілер қатарында тұрақты донорлар да, жауапты кәсіпті алғаш рет шешкендер де болды.
Мұндай қадамды мақтаныш ретінде қабылдауға болады. Өйткені сіз игі іс қана жасап қоймай, донор болуға жарамды адамдардың қатарына кіресіз. Яғни қазіргі өмір салтыңыз өзіңізді дені сау адам деп атауға лайық, ал дені сау адам болу қашан да үлкен бақыт болып табылады,-дейді шараға қатысушылар.
Айта өтсек, акцияға қатысқан адамдардың ішінен тұрақты қан доноры болуға шешім қабылдағандар бар. Қан беру — өзге біреуге жаңа өмір сыйлаумен тең. Аталған қайырымдылық акциялары алдағы уақытта да жиі ұйымдастырылатын болады.