Мұхтар Әуезовтің 125 жыл толуына орай Жастар ресурстық орталығы А.Пушкин атындағы әмбебап кітапханасы «Жастар орталығы» мүшелерімен бірлесіп «Дәуірдің дара тұлғасы – Мұхтар Әуезов» атты әдеби кеш өтті.
Мақсаты – жазушының 125 жылдығын атап өту және оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесін, еңбегін дәріптеу.
Әдеби кешке филология ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Қазақ әдебиеті» кафедрасының доценті Ақжол Қалшабек, «Ізгілік» қайырымдылық қорының мүшесі Алтынбек Срайылұлы, «Жастар орталығы» белсенділері және М.Әуезов атындағы ОҚУ студенттері қатысты.
Атамыш кеште ақын Ақжол Қалшабек жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасап М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің 3-курс суденті Байбала Шұғыла Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін, М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің 1-курс студенттері Мақұлбек Алтынбек және Күнкөргіш Қуаныш Абайдың қара сөзін оқыды. «Абадан» мектебінің 4-сынып оқушысы Жанабылова Айгерім Абайдың Гетеден аударған «Қараңғы түнде тау қалғып» әнін орындап қатысушылар керемет әдеби кештің куәсі боп қайтты.
Айта кетейік, Әуезов Мұхтар Омарханұлы — қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒАның академигі (1946), Қазақ КСРнің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).
Өз заманында Әуезов білімдар қазақтардың бірі болды. Алдымен, Семейдегі орыс гимназиясында бес жыл, мұғалімдер даярлайтын семинарияда төрт жыл оқиды.
Замандастары Мұхтар Әуезовті елгезек, бауырмал, ізгілікті, сырбаз адам деп сипаттаған.
1937-38 репрессия жылдарынан кейін Мұхтар Әуезов Фатима Ғабитовамен бас қосады. Фатима Ғабитова Мұхтарға Мұрат есімді ұл сыйлайды.
Мұхтар Әуезовтің балаларының ішінде қазір Мұрат Әуезовтің ғана көзі тірі. Ол бүгінде белгілі мәдениеттанушы-ғалым, қоғам қайраткері.