Шымкентте қайтарымсыз грант алу үшін комиссия отырысы жұмысын жалғастыруда. Қазір олар 3-ші лектегі үміткерлердің бизнес жоспарын қарауда. Бүгінге дейін тек 300-ден астам азамат кәсіп ашу жоспарын қорғап шықты. Ал 4-ші лекке құжат қабылдау науқаны аяқталыпты. Оған 1500-ден астам өтінім келіп түскен. Бизнес жоспарын қорғауға келген үміткерлердің қарасы қалың. Басым бөлігі көп балалы ана. Тең қоғам орталығының алдында бизнес жоспарын қорғауға өз кезегін күтіп отырғандардың барлығы қайтарымсыз гранттан үмітті. Деседе үшінші легінің комиссия отырысыда қатаң түрде өтуде. Комиссия мүшелері жобаны бағалауда бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігіне, үміткердің кәсіпкерлік дағдыларын меңгеру деңгейіне, бизнес-жобаның қаржылық мүмкіншілігіне, жаңа жұмыс орындарын құру сынды критерийлерге басымдық беруде.
«Біз әр бизне жоспарды жіті қадағалап, тексеріп жатырмыз. Себебі кейбір үміткерлер өзінің жұмыс істеп тұрған кәсібіне қайтарымсыз грант қаржысын алуға тырысады. Бірақ бұл қаржыны мақсатты жұмсау керек»,-деді комиссия төрағасы Талғат Балтабаев.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыратын үміткерлер 12-23 қыркүйек аралығында арнайы комиссия құрамының алдында өз жобаларын қорғап шықты. 19 азаматтан тұратын арнайы комиссия күніне 150-200 үміткерді қабылдағанын алға тартады. Деседе оң немесе теріс жауаптары бағдарламаға қатысушының ұялы телефонына смс арқылы келетін болады. Жыл басынан шаһарда 300-ден астам азамат 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз қаржы алып кәсібін бастаған. Жыл жаңалығы. Енді кәсіпкерлер бизнесі не қатысты есептерін онлайн арнайы порталда тапсырады. Әр үш айда есеп берілмесе, автоматты түрде қаржыны қайтаруға міндеттеледі. Айта өтсек, бүгінде өз еркімен 3 азамат мемлекет қаржысын кері қайтарған.
Айта кетейік, «Ұлттық жоба» шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз грант мөлшері – 400 АЕК. Бұл дегеніміз – 1 225 200 тг. Қайтарымсыз грантқа бөлінген қаржы – шикізат пен материалдарды, техникаларды сатып алуға байланысты шығындарға пайдалынылады. Ал, жалпы жыл соңына дейін 1150 азаматқа қайтарымсыз мемлекеттік грант беру жоспарланған.