Шымкентте біліктілік санаты бар педагогтар саны артуда. 2022 жылға біліктілік санаты бар педагогтар санын белгіленген көрсеткішк қол жеткізу үшін Ұлттық біліктілік тестілеуден 4 080 педагогты өткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 2 657 педагог ҰБТ тапсырған. Науқан қараша айына дейін жалғасатын болады. Ал педагог қызметкерлердің сапалық құрамын арттыру бойынша жыл сайын «Өрлеу» БАҰО Шымкент қаласы филиалында, Педагогикалық шеберлік орталығында біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылуда. Осылайша бұл көрсеткіш, 2025 жылы 85%-ға жетеді деп күтілуде. Сонымен қатар, педагогтар еңбекақысы 2 есеге ұлғайып, орташа еңбекақы 300 мың теңгені құрайды деп жоспалануда.
Кадрлық әлеуетті дамыту бойынша педагогтар еңбекақысын кезең-кезеңімен жоғарылауы, өзіне тән емес функциялар мен тексерулерден босату бойынша шаралар қабылданды, материалдық ынталандырулар ескерілуде. Сонымен қатар біліктілікті арттыру курстарынан өткізу, шеберлік деңгейі бар педагогтар үлесін арттырылуда. Қазіргі таңда, қаладағы мектептердегі педагогтардың ішінде, жалпы орта білім беру ұйымдарында біліктілік санаты бар педагогтар саны — 12 988 ұстазды құрайды. Тағы бір ақпар. Биылдан бастап мектепке алғаш мұғалім болып кіру үшін біліктілік тестін тапсыру міндеттелді. Бұл да болса сапалы педагогтерді іріктеуде өз нәтижесін беретін болады.Сонымен қатар, ағымдағы жылы 116 білім беру ұйымдарының басшылары ротацияланып, жаңа оқу жылында жұмыстарын бастады. ұдан өзге, Шымкент қаласында 6 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация және 6 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті бар. Осы жылы Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы» ашылды.Қазіргі уақытта қаланың 6 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 10162 бала есепте тұр.
Айта кетсек, мектепте ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін жағдай жасалған, техникалық қолжетімділікпен жабдықталған.Қаланың 88 жалпы білім беретін мектебінде 829 бала инклюзивті білім алады, сондай-ақ 7 жалпы білім беретін мектепте 60 арнайы сыныптарда 499 оқушы оқиды.
Оқушыларды қосымша біліммен қамту спорт және мәдениет салалары алғаш рет жан басына қаржыландыру жүйесі арқылы балаларды қосымша біліммен қамту жобасы арқасында үлес бір жылда 49%-дан 76%-ға дейін өсті. Бұл көрсеткіш 2023 жылы 85%, 2025 жылға дейін 100%-ға орындау жоспарланды.