“Ата Заң» Республикалық құқықтық онлайн квиз-тесттің қорытынды нәтижелері шықты. Осыған дейін елдегі облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары «Жас сарбаз» Республикалық әскери-патриоттық қозғалысы филиалдарының тәрбиеленушілері арасында «Ата Заң» Республикалық құқықтық онлайн квиз-тесті өткiзiлдi.Негізгі мақсат — жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өздерінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін ұғыну, жастарды Қазақстан Республикасының негізгі заңнамалық актін зерделеуге тарту болып табылады. тестілеудің нәтижесі бойынша 1 орынды Атырау облысының тәрбиеленушісі Айдана Болат иеленсе, жүлделі 2 орынды атырау облысынан Нұрдана Мансурова мен Ізбасар Мейрамбек жеңіп алды. Ал 3 орын — Шымкенттік «жас сарбаз» тәрбиеленушісі Орал Ерасылға бұйырды.
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығының “Алғашқы әскери және технологиялық дайындық” пәнінің әдіскері Бақытжан Нұсқабаев пен «Жас Сарбаз» РҚБ Шымкент қалалық филиалының төрағасы Сәбит Еркін Бауыржанұлы √ 24 ІТ мектеп-лицейінің “Жас сарбаз” сыныбының тәрбиеленушісі Орал Ерасылды марапаттады.
Президент саясатының басым бағыттарының бірі – қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, жастарды әскери-патриоттық тұрғыда тәрбиелеу. Осы бағытта Қорғаныс министрлігі «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысын құрған еді. Бұл қозғалыстың республикалық штабының құрамына мемлекеттік органдардың, Қарулы күштердің және басқа да әскери және әскери құрылымдардың, қоғамдық жастар ұйымдарыңың өкілдері кірді.
Жолдауда жастарды әскери-патриоттық тұрғыда тәрбиелеуді күшейтуді басым бағыт ретінде айқындалғаны белгілі. Бұл келісім Шымкентте жастарды әскери патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге және жастарды әскери өмірмен таныстыруға зор мүмкіндік.
Айта кетсек, «Жас сарбаз» мектебінде балалар түске дейін негізгі пәндерді өтсе, түстен кейін әскери дағдыларды үйренеді. 7 сыныптан 11 сыныпқа дейін әскери дәріс алып, мектеп бітіргенде аттестатына «Жас сарбаз» сыныбын бітіргені жайлы сертификат беріледі. «Бұл оқушылардың болашақта әскери салаға барғысы келсе, өз септігін тигізеді» дейді «Жас сарбаздар» сыныбының жетекшісі.