Салтанатты шараға облыс әкімі Дархан Сатыбалды, қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы полковник Нұрмаханбет Дюсебаев, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, “Жас Сарбаз” әскери патриоттық қозғалысының тәрбиленушілері қатысты.
Аудандық жинақ пунктінің қызметін атқарат аталған ғимаратта 1 қыркүйектен басталған күзгі әскерге шақыру науқаны аясында аудан жастарының алғашқы медициналық зерделеуінен өтуі үшін барлық жағдайлар жасалған және медициналық комиссия мүшелері тағайындалып, шақыру комиссиясысы құрылған.
Сапар барысында облыс әкімі жеке құраммен және комиссариат ғимаратының қазіргі жағдайымен танысты.
Іс – шара аясында облыс әкімі аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ұжымын биыл алғаш рет елімізде 12 қыркүйек “Жергілікті әскери басқару органдары күні” ретінде аталып өтілетін төл мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ, ол әскеріміздің ел егемендігін сақтаудағы ерекше маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара Созақ ауданы жас патриоттарының өнері және қойылымдық көріністерімен жалғасты.