Жаңа оқу жылына сәттілік тіледі
Бүгін «1 қыркүйек – білім күні» қарсаңында еліміздегі барлық білім ұяларында алғашқы қоңырау соғылды. Осы орайда Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов қаладағы Ы.Алтысарин атындағы №65 мектеп-гимназиясына барып, мерекелік іс-шараға қатысты.
«Алғашқы қоңырау» іс-шарасында сөз кезегін алған Бахадыр Мадәліұлы мектеп ұжымы мен оқушыларды аталмыш мерекемен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.