«Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін ұлттық құндылықтар арқылы оқыту: тәжірибе тұрғысынан талдау» тақырыбында селекциялық отырыс өтті. Селекциялық отырыс 2022-2023 оқу жылдарындағы дәстүрлі Тамыз конференциясының аясында ұйымдастырылды. Шара А.Назарбеков атындағы N87 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында ұйымдастырылды. Секция жұмысы екі форматта жүргізілді.
2022-2023 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқу үдерісін жетілдірудің басым бағыттарын айқындау, пәнді оқытуда ұлттық құндылықтарды оқушы бойына сіңірудің тиімді жолдарын меңгертуді мақсат еткен іс-шара жоғары деңгейде өткізілді.
Секция отырысына ҚР Оқу — ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім акдемиясы, Орта білім мазмұны институты, «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, п.ғ.к.Кенжебаева Г.М., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, п.ғ.д.
Балтабаева Ж.Қ. қатысып, 2022-2023 оқу жылына оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні арқылы құндылықтарды қалыптастырудың жолдары туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар, қатысушылар пәнді оқытуда тақырыптарды ұлттық құндылықтармен ұштастыру Т1-Т2 «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін оқыту жүйесіндегі өзгерістер, жазба жұмыстарының түрлері, критерийлері мен дескрипторларын қолдану, пәннің оқыту әдістемесі мен педагогтердің біліктілігін арттыру аясында өз ойларымен бөлісті.
Нәтижесінде, педагогтер үшін жаңа оқу жылының басталуына және педагогикалық идеяларға есеп беретін дәстүрлі оқиға барысында қатысушылар көкейіндегі мәселелі сұрақтарға жауап алды.