Шымкентте 19 шілдеден бері «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы жүргізілді. Оның мақсаты қала аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу болды.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы кезеңде қалада 33 092 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 796 автокөлік айыппұл тұрағына жеткізілген.
Көбінесе жүргізушілер қауіпсіздік белдіктерін киіп, басып озу және маневр жасау тәртібін бұзды, көлікті басқару кезінде ұялы телефондарды қолданды. Тәртіп сақшылары техникалық байқаудан өтпеген автокөліктерді, сондай-ақ жаяу жүргіншілерді елемейтін жүргізушілерді жиі кездестіретін. Мас күйінде 95 жүргізуші анықталды.
Жаяу жүргіншілер де жауапқа тартылды-олардың 4458-і жолды дұрыс емес жерде кесіп өтті.
Айта кетейік, «Қауіпсіз жол» іс-шарасы кезінде, ағымдағы жылдың 21-27 қазан аралығының өзінде Шымкент қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 563 жайтын анықтады. Оның ішінде: ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 8-бөлігі «Жолаушыларды, багажды автомобильмен тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдауды, сондай-ақ жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде рейс алдындағы техникалық қарап-тексеруден өтпеген автокөлiк құралдарын пайдалануға шығару, сондай-ақ рейс алдындағы медициналық қарап-тексеруден өтпеген жүргiзушiнiң басқаруына рұқсат беру» бойынша – 2; ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі «мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқару» бойынша – 4; ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы «көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды немесе радиостанцияны пайдалануы» бойынша -25; ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы «жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану бойынша талаптарды сақтамау» бойынша — 35; ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы «маневр жасау ережелерін бұзу» бойынша — 12; ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы «бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына жол жүру» бойынша — 8; ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы «жаяу жүргіншілерге немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларына жүруге басымдық бермеу» бойынша — 4; ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы «құжаттарсыз және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы» бойынша — 3; ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы «Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы» бойынша – 30.