Жұмысқа тұру бүгінде өзекті мәселелердің бірі екені жасырын емес. Әсіресе, мектепке мұғалім болып орналасу сатылары қарапайым тұрғындар үшін қиындық туғызады. Олар, осы ретте ортадағы беймәлім адамдарға алданып қалып жатады. Бүгінде осыған ұқсас оқиғалар көбейіп барады.
Осы орайда цифрлық жүйе «HR-process» іске қосылды. Жүйе конкурстық әдіске негізделген. Арнайы комиссия құрамына білім беру мекемелерінің директоры, пән мұғалімдері, психолог кіреді. Әлеуметтік желілерде конкурс комиссиясының отырысы онлайн көрсетіледі. Байқаудың барлық нәтижесі www.hr-process.kz сайтында жарияланады.
Муратова Сандуғаш «HR-PROCES» жүйесі арқылы №49 ЖОББМ-да тәлімгер қызметіне 2021 жылдың ақпан айында қабылданды.
Ол өз сөзінде аталмыш жүйенің шарапаты мол екенін, талай жасқа зор мүмкіндік тудырып отырғанын айтты. Мектеп ұжымына да алғысы шексіз екенін, қолдауларын әрқашан білідіріп отыратынын жеткізді.
Сандуғаш қазіргі таңда шәкірттері білімді, белсенді шәкірттер тәрбиелеу сүйікті ісі екенін айтып өтті.Оқушалары қалалық,республикалық байқау жеңімпаздары. Өзі де «Ең үздік тәлімгер-2022» байқауында жүлделі III орынды иеленді.
Сандуғаш секілді аталмыш жүйенің шарапатын көргендердің бірі — Қази Асылбек. Ол «HR-PROCESS» жүйесі арқылы №49ЖОББМ-не дене шынықтыру пәні мұғалімі қызметіне 2022 жылдың мамыр айында қабылданыпты.
HR-process жүйесі талай жасқа зор мүмкіндік тудырып отыр. «HR-Process» жүйесі педогогикалық бос орынға өтініш беру және өңдеу барысын автоматтандыруға, үміткерлер мен бос орындардың деректер қорын құруға, сонымен қатар, заманауи ақпараттық технологияларды қолдану негізінде педагогикалық құрамды іріктеу процесінің тиімділігін арттыруға арналған бағдарлама.
Педагогикалық құрамды іріктеуді автоматтандырудың мақсаты мен артықшылығы үміткерді таңдауда меритократия, жариялық және айқындық қағидаларын сақтауды назарға алады.
Жүйе конкурстық әдіске негізделеді. Педагогикалық қызметке үздік кадрларды іріктеп алуға мүмкіндік береді. Жемқорлықтың алдын алады. Арнайы комиссия құрамына білім ұйымының директоры, пән мұғалімдері, психолог кіреді. Әлеуметтік желілерде конкурстық комиссия отырысының онлайн трансляциясы жүргізіледі.
Конкурстың барлық нәтижелері сайтта ашық, қолжетімді шығарылады. Кадрларды іріктеудің ашық және объективті жүйесі – білім саласына үздік мамандарды тартудың кепілі.