Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Еңбекші ауданына қарасты шалғай орналасқан Қарабастау елді мекенінде жастар арасында девиантты мінез-құлықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: жастар мен жасөспірімдердің арасында девиантты мінез-құлықтың алдын-алу және өз-өзіне қол жұмсау деңгейін азайту. Семинар барысында арт-терапиялық «Клякса» әдісі қолданылды.
Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы девиантты мінез-құлықтың пайда болуының негізгі себептерінің бірі: отбасы тəрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы: олар: əке-шешесінің теріс үлгісі, ата-ананың біреуінің болмауы, үй ішіндегі еңсені басатын ауыр жағдай – отбасындағы жағымсыз ахуал, тұла бойы болып тұратын ұрыс, жан-жал т.б. баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескермеу. Өкінішке орай отбасының теріс қылықтарын атап көрсету оңай, түзету қиын.
Девиантты мінез-құлық — балалар мен жасөспірімдердің жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекеттері,оқудан қасақана жалтару, отбасынан немесе балаларды оқыту –тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі келіп қалуы, сондай-ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасауы, қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-құлқы.
Маманның айтуынша, арт терапияда түстердің мағынасы өте жоғары. Зорлық-зомбылық көрген балалар қызыл, қызғылт-сары түстерді жиі қолданса, нашақорлар сұр мен қара түсті жиі пайдаланады екен. Қорыта айтқанда, бүгінде арт-терапияның қуыршақ терапия, библиотерапия, ойын терапиясы, құм және музыкалық терапия секілді көптеген түрлері бар. Жалпы сіз арт терапиямен айналыса отырып, психоэмоционалдық халіңізді жақсартып, әр түрлі сезімдерді символдық пысықтауға, көркем өнерді дамытуға деген мүмкіндік аласыз. Психологиядағы сезімдерді суреттер арқылы жеткізу әдісі жасырынған қабілетіңізді шығарып, қоғаммен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Іс-шараға Қарабастау елді мекеніндегі №99 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты.