Шымкент қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «БІЛІМДІ ҰЛТ: ТЕРЕҢ БІЛІМ, ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ ҚАСИЕТ» тақырыбындағы тамыз конференциясы аясында 24.08.2022ж. «Инклюзивті білім беру ортасын құру және ерекше білімді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау» атты оффлайн режимде панельдік секция отырысы өткізілді.
Секция жұмысының мақсаты: инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдауды қамтамасыз ету.
Панельдік секция отырысына Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған ұйымдардың басшылары мен арнайы педагогтері белсенді қатысып, өзекті тақырыптар аясында баяндамалар оқып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара барысында ЖШС «Асыл бала» директоры Г.К.Усенова, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернатының, (коррекциялық) №37 «Айгерім» балабақшасы (психикалық дамуы шектеулі балаларға арналған), есту кабілеті бұзылған балаларға арналған №2, N1 арнайы мектеп интернаттарының, (коррекциялық) №28 «Гаухар» балабақшасының арнайы педагогтері ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру үдерісіндегі инклюзивті білім берудің өзекті мәселелеріне терең тоқталды.
Сонымен қатар, бөлім басшысы Ж.Б.Утесинова 2022-2023 оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хатпен, инклюзивті білім беру ортасын құру, ЕБҚББ психологиялық-педагогоикалық қолдау жолдарын жетілдіру және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бекіткен бұйрықтарымен таныстырды.
Нәтижесінде,Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған ұйымдардың арнайы педагогтері инклюзивті білім беру ортасын құру және ерекше білімді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау аясында кездесетін мәселелі сұрақтарға жауап алып, жаңа серпінмен жаңа оқу жылын бастауға бет алды.