Театр — адам жанының айнасы. Театрда сахнада болып жатқан қойылымға кіріп, күйбен тірлікті ұмытуға мүмкіндік бар. Сол себептенде миды тынықтырып, рухани азық алу үшін театрға барып жатады. Театрға бара қалсаңыз ол жерде қандай әрекеттерге жол беруге болмайтынын білгеніңіз жөн. Себебі кейде көрермендер театр этикетін сақтамай, жанындағы көрермендердің қойылымнан ләззат алуына кедергі келтіріп жатады.
Бүгін Шымкент опера және балет театрының әкімшілігі театр әдебін сақтау ережелерімен таныстырып өтуді жөн көрді.
Сонымен:
Театрға қойылым уақытынан ерте барған жөн. Себебі қойылым басталмай тұрып, көршілеріне кедергі келтірмей өз орынын тауып отырып алу қажет. Кешіккен жағдайда есік маңындағы бос орындарға отырып, үзіліс кезінде билетте көрсетілген орынға жайғасу керек.
Бұл жерде тамақ жеуге, өзімен тамақ алып келуге тыйым салынғанын ескеру қажет. Қойылым арасындағы үзілістерде театр асханасынан тамақтануға болады.
Көп театрларда фото, видеотүсірілімге рұқсат етілмейді. Дегенменде рұқсат етілген театрлар бар. Ондай театрларда түсірілім жасамас бұрын телефондағы жарықтың өшірулі екеніне көз жеткізіп алған жөн
Көрермендер қойылым басталар алдында телефонды дыбыссыз режимге қою керек. Осы әрекет арқылы залдағы көрерменге де, әртістерге де зиянсыз болады.
Егер театрға барарда жайсыздық сезімі туса, келмеген жөн. Денсаулығы нашарлағанда театрға келмеу арқылы ауру таралудың алдын алады.
Театрға барғанда дресс кодты да ескеру қажет. Классикалық үлгідегі киім киген дұрыс. Киімнің қысқа болмауына да мән беру керек және джинсы матасынан тігілген шалбарлар кимеген жөн. Ол күнделікті өмірде киюге арналған. Ал театр мәдени орын болғандықтан сәйкесінше киіну керек.
Театрға барып, театр өнерінің дамуына үлес қосатын және театр этикетін сақтай білетін көрермендер көбейе берсін!