Шымкент қаласы тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту үшін желі тарту жұмыстары жалғасуда. Солардың бірі, Абай ауданына қарасты Солтүстік саяжай шағын ауданында электр желісі 90%-ға тартылды. Ал жұмысты толық 100% аяқтау қыркүйек-қазан айларына дейін жоспарланған. Жұмыс біте салысымен «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан абоненттеу жүргізілетін болады.
Айтып өтейік, мұндағы құрылыс былтыр басталған еді. Бүгінге дейін 4737 электр бағанасы және 52 трансформатор орнатылып, 1149 шақырымға желі тартылды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі