Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау аясында, жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келді.
Бүгін 20-дан аса азаматты жеке мәселелері бойынша қабылдаған еліміздің бас дәрігері Шымкент қаласындағы іс-сапарын Медициналық академияның мәжіліс заңында БАҚ өкілдеріне брифинг берумен қорытындылады.
Бүгінгі таңда денсаулық сақтаудың басым бағыттарының бірі халыққа сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету болып табылатынын атап өткен министр Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында атқарылған ауқымды жұмыстар мен жоспарларға тоқталып өтті.
Атап айтқанда, өткен жылы «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы қабылданды, онда қолжетімді сапалы медициналық көмек, эпидемиологиялық болжау мен ден қоюдың қазіргі заманғы жүйесін қалыптастыру, отандық өндірістің қолжетімді дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары, саламатты өмір салтын жүргізетін халықтың үлесін арттыру, бұқаралық спортты дамыту сияқты 4 бағытты іске асыру көзделген.
Биологиялық қатерлерді ерте анықтауға және алдын алуға бағытталған биологиялық қауіпсіздік туралы Заң қабылданды. Осы мақсатта биоқауіптерді болжау және алдын алу жүйесін қалыптастыру көзделген.
Пациенттердің құқықтарын қорғау және медициналық қызметкерлерді сақтандыру, олардың мәртебесін арттыру бойынша заң жобасын қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2021 жылдың қорытындысы бойынша қалада бала туудың 10% — ға өсу оң динамикасы байқалады, (2020 ж. – 28,78; 2021 ж. – 31,60), ана өлімі 15% – ға төмендеді (2020 ж. — 53,3; 2021 ж. — 44,9), сондай-ақ қан аурулары өлімінің көрсеткіші 6% — ға, қатерлі ісіктен болатын өлім 11%-ға төмендеді.
2022 жылдың 6 айында ана өлімінің 5 есеге төмендегені байқалады (6 ай 2022 ж. — 6,7, 6 ай 2021 ж. — 31,4).
Қан айналым жүйесі ауруларынан өлім жітім 9% — ға және қатерлі ісіктен 11% — ға төмендеді.
Денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі буын — алғашқы медициналық-санитарлық көмек — бұл халыққа көрсетілетін барлық медициналық көмекті үйлестіруге арналған қызмет.
Шымкент қаласында 76 МСАК нысаны бар, 2025 жылға дейін 15 нысанның құрылысы мен ашылуы жоспарлануда.
Халықтың сұрау салуы бойынша амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету Қағидалары бекітілді, онда жалпы практика дәрігерінің жолдамасынсыз консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсету көзделген.
Сондай-ақ, онкологиялық және гематологиялық ауруларға күдік болған кезде зерттеп-қарауды және емдеуді жеделдету үшін «Жасыл дәліз» енгізілді, оның шеңберінде онкологиялық ауруға күдікті пациенттерге 18 жұмыс күні ішінде (зертханалық зерттеулер, УДЗ, рентген, ЭКГ, КТ, МРТ, сондай-ақ эндоскопия) консультация беріледі және зерттеп-қаралады.
Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті қаржыландыру үлесін денсаулық сақтауды қаржыландырудың жалпы көлемінің 60%-ына дейін жеткізу бойынша жұмыс жалғасуда, ол ағымдағы жылы 55%-ды құрады.
Біз қашықтықтан медицинаны дамытуға көңіл бөлудеміз. Тек өткен жылдың өзінде 6,5 млн. қашықтықтан қызмет көрсетілді, оның ішінде 1 млн. астам ауыл тұрғындарына.
Ауылдық денсаулық сақтау саласына жеке тоқталғым келеді. Қазіргі уақытта ауылда 5 мың 397 медициналық ұйым (2895 – медпункт, 790 – фельдшерлік пункт, 1282 – амбулатория, 227 – емхана, 203 – аурухана) медициналық көмек көрсетеді.
Мемлекет Басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, 8 перзентханалардың құрылысы жоспарлануда, соның ішінде Шымкент қаласында – 1.
Халық саны 50 адамға дейінгі елді мекендерде үйде медициналық қызметкермен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін денсаулық сақтау ұйымдары желісінің жаңа мемлекеттік нормативі (Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-59 бұйрығы) бекітілді, бұрын аталған ауылдарда мұндай мүмкіндік болмаған.
Тұрғындар саны 50 — ден 500 адамға дейінгі ауылдарда медициналық пункттер ашу, халық саны 500-ден 1500 адамға дейін (бұрын 800-ден 1500-ге дейін болған) — фельдшерлік-акушерлік пункттер құру көзделеді.