Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағында жоспарланған 48 көшенің бүгінде 17-інде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.
Атап айтқанда, Қызылсу тұрғын алабы аумағындағы Гүлистанның 8 көшесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Аталмыш көшелердің жалпы ұзындығы 6,7 шақырымды құрайды. Сонымен қатар, орташа жөндеуден өткен Жаңақұрылыс № 2,3 көшелерінің ұзындығы — 1,3 шақырым.
Сонымен бірге, Сайрам тұрғын алабындағы Сыдыхан ата, Мүслім төбе, Тектұрмас, Тиллаходжаев көшелерінде асфальтбетон қабатын төсеу жұмыстары аяқталды.
Асар-2 шағын ауданындағы №1,2 көшелері орташа жөндеуден өтіп, бүгінде ел игілігіне пайдалануға берілді.
Өтеміс шағын ауданы аумағындағы Д.Қонааев және Өжен көшесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.
Достық тұрғын алабындағы Ынтымақ көшесі, Омарташы көшесінің жалғасы, тұйығы және Абдиров көшелерінің жолдары жөнделді.
Ұзындығы 1,4 шақырымды құрайтын Ақжайық шағын ауданының аумағындағы Қамбар батыр көшесінің орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.
Қайнар бұлақ тұрғын алабының Русские березки көшесінің жол құрылыс жұмыстары аяқталды, ұзындығы 2 шақырымды құрайды.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, 2022 жылы жоспарланған 308 көшенің бүгінгі таңда 155 шақырым болатын 190 көшесінде жұмыстар толығымен аяқталды. Ал, қалған көшелерді 2022 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған.
Бұдан бөлек, шаһардағы 2 нысан жолайрықтың құрылысы, 13 нысан жаңа жолдардың құрылысы, 5 нысанда қайта құру жұмыстары, 3 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 308 көшеге жүргізілуде. Қалада осы жылы 300 шақырым жол жөнделіп, асфальт жол үлесі 67,4 пайызға жетеді деген болатын. Ал 2021 жылы автомобиль жолдары саласында 137 нысанда (189,7 шқ) жөндеу жұмыстары аяқталған.