Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еуропа қайта құру және даму банкінің Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Харгитай Жужаннамен кездесу өткізді.
Кездесуде Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға көшу шеңберінде Шымкент қаласын дамыту, Қазақстанның «Жасыл қалалар» бағдарламасын енгізу және дамыту арқылы 2060 жылға қарай Париж келісімінің мақсаттарына және көміртегі бейтараптығына қол жеткізуі, ЕҚДБ-ның Қазақстандағы энергетика, көлік және коммуналдық инфрақұрылым және жасыл экономика саласындағы көрсеткіштері жайлы сөз қозғалды. Сондай-ақ, Шымкент қаласы мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі басымдықтары талқыланды.
ЕҚДБ тарапынан Шымкент қаласында шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау білдіру жұмыстарының жалғасы болып табылатындығы жеткізілді.
Кездесу барысында қала әкімі М9рат «йтенов ынтымақтастықты нығайтуға ниетті ЕҚДБ өкілдеріне алғысын білдіріп, тараптар өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжат заманауи энергия тиімді және ресурс үнемдейтін технологияларды енгізу, венчурлық қаржыландыруды дамыту арқылы инновациялар мен цифрландыруға жәрдемдесу, МЖӘ-нің құқықтық және институционалдық базасын нығайту, көлік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымында қаржылық және экологиялық тұрақтылыққа қол жеткізу және өзара іс-қимылдың басқа да аспектілері есебінен жеке секторды қолдау, Шымкент қаласының экономикасына тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, жасыл экономиканы дамыту мәселелерін қамтиды. Жалпы шаһарда «Жасыл қала» бағдарламасы 2018 жылы қабылданған болатын. Оған сәйкес, шаһардағы өзендердің бойынан гүлзарлар салынып, жүзімдіктер мен жеміс баулары бар көшелердің саны арттырылып келеді. Сала мамандардың сөзінше, аталған бағдарлама қаланы көгалдандыру мен агро-ауыл шаруашылығы белдеуін дамытып, сақтау және әлемдік мегаполистер тәжірибесі бойынша жаңа бау-саябақ мәдениетін құру мақсатында қолға алынған. Айта кетсек, жасыл қала бағдарламасы республикалық және жергілікті бюджет қаржысымен, жеке инвестиция тартумен жүзеге асырылады.