Қазір Әзербайжан астанасы Бакуде нысана көздеуден әлем кубогы өтуде. Жарысқа әлемнің 65 елінен 800-ден астам спортшы қатысып жатыр.
Қазақстан құрамасынан қатысып жатқан жарыста шымкенттік мергендер
3 медаль жеңіп алды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, Елизавета Король Елизавета Безрукова «50m rifle 3positions» жаттығуында оқ атудан әйелдер құрамасы күміс медаль алды.
Сабақтас «trap/mix» жаттығуында стенд атудан Мария Дмитриенко/ Виктор Хасянов қола медальға ие болды, екі спортшы да Шымкент қаласының өкілдері болып табылады.
Әйелдер арасындағы «skeet» командалық жаттығуының ақтық сынында Қазақстан құрамасы қола медальға ие болды. Команданың құрамында шымкенттік мергендер: Зоя Кравченко/ Рината Насырова.
Қазақстанның құрамасында 40 мықты спортшы ел намысын қорғауда.
Бакудегі Әлем кубогы спортшылар үшін өте маңызды жарыс, себебі рейтингті арттыру арқылы спортшылар Олимпиада ойындарына қатысуға жолдама алады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы ISSF Олимпиадасында Қазақстанның намысын 3 мерген қорғап, олимпиадалық лицензия алған болатын. Оның ішінде шымкенттік спортшылар Зоя Кравченко мен Юрий Юрков бар. Ал Шымкенттік спортшы Мария Дмитриенко 2016 жылы Бразилиядағы XXXI-жазғы Олимпиада ойындарына қатысты, жеке есепте 8-орынды иеленіп, әлемнің ең мықты 10 мергені қатарына енген спортшы.
Бұл Шымкентте оқ ату спорт түрлерінің ерекше қарқынмен дамып жатқандығын аңғартады. Қалада оқ атудан және стэнд атудан халықаралық жарыстарды өткізуге мүмкіндік беретін арнайы спорт алаңдары бар. Онда мемлекет аралық байрақты бәсекелер өткізіліп тұрады.