Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі тарихи құжаттармен мәдени мұраларды сақтап отырған іргелі мекеме. Музейде ғылыми-зерттеу және ізденіс жұмыстарына ерекше мән берілген. Биылғы жоспарға сәйкес музей қызметкерлерінің Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалаларындағы ҚР Ұлттық музейі және Алжир, Карлаг музейлерінде осы мақсатта іс-сапарлар ұйымдастырылды.
2022 жылдың 23 ақпан күні музей қызметкерлері Қарағанды облысы Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейіне тәжірибе алмасу мақсатында іс-сапармен барды. Іс-сапар барысында музей қызметкерлері Қарлаг музейінің қалыптасу тарихымен, құрылымымен және экспозициялық бөлімдерімен танысып, музей экспозициясы бойынша тақырыптық және шолу экскурсияларын тыңдады. Экспозиция залдарының тақырыпқа сай жасақталуын қарап, музейдің ғылыми-зерттеу, экспозиция-көрмелік және экскурсия-бұқаралық қызметтерімен танысты. Музей қорындағы жәдігерлермен және олардың сақталу тәртібін қарады. Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргін құрбандарына байланысты өзара ақпарат алмасу жұмыстары жүргізілді. Тәжірибе алмасу соңында музейлер арасында достық меморандумы түзіліп, өзара ынтымақтастық қалыптасты.
2022 жылдың 24 ақпан күні музей қызметкерлері Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне тәжірибелік іс-сапармен барып қайтты. Тәжірибе алмасу барысында музей қызметкерлері Алжир лагері мен лагер тарихындағы тұлғалар туралы мол мағлұмат алды. Сонымен бірге, Алжир музейінің құрылу тарихымен және құнды жәдігерлермен танысты. Музейдің экспозиция және көрме, ғылыми зерттеу жұмыстары, жоспарланған іс-сапарларына байланысты тәжірибе алмасты. Музейдің баспа қызметі және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысы жайында ақпарат алды. Музейдің медиа қызметімен (ресми сайт, әлеуметтік желідегі парақшалары) таныса отырып, музей экспозициясы бойынша жасалған 3D турдың жасалу технологиясымен танысты. Саяси қуғын-сүргін құрбандарына және лагерге қатысты материалдар жинақтады. Тәжірибе алмасу соңында музейлер арасында достық меморандумы түзілді.