Шымкент қаласы мәдениет,тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты мекемелердің бірі орталықтандырылыған көпшілік кітапханалар жүйесі. Аталған мекеме қала тұрғындарының кітап оқу мәдениетін қалыптасыруға мол үлес қосуда. Осы бағытта биыл бірқатар жұмыстар атқарылған.Қала көлемінде ірі сауда орталықтарында, саябақтарда кітапханалардың оқу залдарында оқырмандардың қатысуымен 155 іс-шара (дөңгелек үстелдер, әдеби сағаттар, тақырыпты кітап көрмелері және т.б) ұйымдастырылды. Кітап насихаттау мақсатында атаулы күндер мен мерейтой иелеріне арналған әдеби кештер өткізілді. Атап айтқанда «Шымкент плаза» сауда ойын-сауық орталығының 2 қабатында «Кітап керуені» жылжымалы кітап көрмесінде әдебиет зерттеушісі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына-150 жыл толуына, қазіргі қазақ әдебиетінінің негізін қалаушы, жазушы Мұхтар Әуезовтің туғанына -125 жыл толуына орай шығармалары мен еңбектері насихатталды. Жазушы, журналист Сабырбек Олжабайдың туғанына — 65 жыл толуына орай «Қара сөздің қара нары», ақын, журналист Атанбек Наурыздың 65 жасқа толған мерейтойына орай «Бөржардан басталған бір бұлақ» тақырыбында кездесу кештері өтті. Абай атындағы орталық кітапханада 1 мамыр – ҚР халықтарының бірлігі күніне орай «Қазақстан – татулық пен ынтымақтың киелі бесігі» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Бұл мереке егемен елімізде жасайтын 130 ұлт пен ұлыстың бір-бірімен тату-тәтті ғұмыр кешетінін, достыққа берік екенін айқын аңғартуда. Жүйеге қарасты №3 кітапхана бөлімшесінің ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығында КСРО және Қазақстанның халық әртісі әнші Күләш Байсейітованың туғанына -110 жыл толуына орай «Қазақ операсының саңлағы» атты әдеби әуенді кеш өтті. К.Байсейітованың өмірбаяны мен шығармашылығына арналған видеоролик жасалды.
Жүйеде 85 адам қызмет жасаса, оның ішінде кітапханашы маман-72. Барлық кітапханалар компьютермен қамтамасыз етіліп,интернет желісіне қосылған.