Шымкент қаласы мәдениет,тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты мекемелердің бірі орталықтандырылыған көпшілік кітапханалар жүйесі. Абай атындағы орталық кітапханада WEB-RABIS бағдарламасы жұмыс жасайды.
Қаланың әр аудандарында «Кітап оқитын Шымқала» буккроссинг көше кітапханалары ашылды. Буккроссинг (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі) – «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген.
Буккроссингтің ережесі бойынша, кез-келген адам өзі оқып бітірген кітабын арнайы кітап сөрелеріне қойып кете алады. «Буккроссингтің» басты мақсаты − оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау»; оқырмандар арасында «кітап алмастыру» акциясын жүргізу.
- «Нұрсәт» шағын ауданындағы С.Бәйтереков ескерткішінің жанында.
- «Нұрсәт» №130 мектептің жанында.
- Шымкенттегі Чернобыль апаты құрбандарына арналған гүлзарда.
- 23 мектептің жанындағы гүлзарда.
Сол буккроссингтерге жақын орналасқан кітапханалар тұрғындардың кітап алмастыруын қадағалаумен қатар ақын-жазушылардың мерейтойларына арналған іс-шаралар өткізуде.
Айта кетейік, Абай атындағы қалалық орталық кітапхана, 23 – кітапхана бөлімшелері қала тұрғындарына кітапханалық қызмет көрсетеді.
Жалпы кітап қоры 542049 дана кітапты құрайды. Мемлекеттік тілдегі кітаптар 169975 дана. Жылына 98000 астам оқырмандарға қызмет көрсетеді, келушілер саны 560 000 асады.
Абай кітапханасы мен 4 кітапхана бөлімшесіне модернизация жұмыстары жүргізілді. Кітапханаларды модернизациялаудың басты мақсаты – кітапханаларда білім алу, қызметтердің заманауи сапалы жаңа жүйесін құру, көпфункционалды орталықтарға айналдыру.