Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының мәліметіне сүйенсек, былтыр «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 33500 мың адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Нәтижесінде 35 207 адам жұмыспен қамту шарасына қатысып жоспар 105,1% орындалды.
Олар, 2 675 адам тегін кәсіби оқуға жолданды, 3 000 адамға кәсіпкерлік қолдау көрсетілді (2155 -«Бастау Бизнес» жобасы, 59 адам шағын несие алды, 786 адамға мемлекеттік грант берілді, 29 532 адам тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жолданды (2578 «Жастар практикасы», 351 адам «Әлеуметтік жұмыс орындары» 3064 «Қоғамдық жұмыс», 118 адам «Алғашқы жұмыс орындары, 23421 адам бос және жаңа жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан).
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2021 жылдың 3 тоқсандағы жағдаймен жұмыссыздық деңгейі 5,0% (жоспар – 5,2%), жастар жұмыссыздық деңгейі 3,7% (жоспар 3,8%) құрады.
Ағымдағы жылы Шымкент қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы «ҚР Үкіметінің 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» аясында жұмыссыздық санын азайту мақсатында жұмыс жүргізіп келеді.
Жұмыспен қамту саласы бойынша ҚР Үкіметінің қаулысымен «2021-2025 жылдарға кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» шеңберінде, 2022 жылы 33 500 азаматты жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарлануда, оның 20 759 адам тұрақты жұмыспен қамту жоспарланған.
Сонымен қатар, 2022 жылдың 11 қаңтардағы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сайкес жұмыспен қамтуға 18 425 жастарды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарлануда.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында «Жастар практикасы» бағдарламасының мерзімі 12 айға, ал жалақысы 30 АЕК-дейін және «Алғашқы жұмыс орны» жобасының мерзімі 18 айға, жалақы мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішке дейін көтерілді.