Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығында жыл басынан бері бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтар болса, 2022 жылғы қаңтар-наурыз айларында 534 азамат қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен курстан өтті. Оның 393-і қазақ тілінен, 21-і орыс тілінен, 120-сы ағылшын тілінен біліктілігін арттыруда. Ұлттық құрамы: қазақтар – 389, орыстар – 65, өзбектер – 48, өзге этностар – 32.
Орталық бекіткен жоспарға сәйкес 2022 жылғы 18 ақпанда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оның маңызы мен мәртебесін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау, тіл мәдениетін көтеру, үш тілді жетік меңгерген жастарды ынталандыру мақсатында 16-30 жас аралығындағы азаматтар арасында “Көркесмөз оқу шеберлері” байқауын, 2022 жылғы 25 ақпанда тілдерді оқытып үйретуде әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану, сандық технология арқылы оқытудың түрлі жолдарын қарастыру, жалпы оқыту жүйесіндегі жетістіктер мен кемшіліктерді анықтау мақсатында лингвист—ғалымдар, жергілікті атқарушы мемлекеттік орган қызметкерлері, белсенді тіл жанашырлары мен мамандарының қатысуымен «Сандық технологиялар арқылы тілдерді оқытудың түрлі инновациялық әдіс-тәсілдері» семинар-тренингін, 2022 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, үш тілді – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу мақсатында 18-23 жас аралығындағы үш тілді жетік меңгерген жастар арасында «Тілдарын – 2022» байқауы өткізлілді. Бұл іс-шаралардың барлығы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және халықтың үш тілді меңгеру бағдарламасын жүзеге асыру үшін жасалынуда.