on7news.kz
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
No Result
View All Result
on7news.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Шымкенттік зиялы қауым өкілдері референдумды қолдайды

18 мая, 2022
in Cаясат
0
Шымкенттік зиялы қауым өкілдері референдумды қолдайды
0
SHARES
97
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғали Шымкентке жұмыс сапарымен келді. Депутат пен жергілікті зиялы қауым өкілдерінің жүздесуі «Әл-Фараби» кітапханасында өтті. Жиынға халық қалаулысымен бірге Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қоғамдық кеңестің төрағасы Шалатай Мырзахметов бастаған қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Берік Әбдіғалиұлы алдымен жуырда Қазақстан қоғамында болатын саяси оқиға – жалпы халықтық референдумға тоқталып, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар жайлы кеңінен айтып берді. ҚР Парламенті Мәжіліс депутатының пікірінше, Ата заңымызға енгізілгелі тұрған өзгерістер ел дамуына оң әсер етеді. Бұған қоса қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі – тіл, оның ішінде қазақ тілінің дамуы туралы сөз қозғалды.

– Ана тіліміз – қазақ тілінің, мемлекеттік тілдің дамуы қазір барлығымызды дерлік ойландырып жүргені рас. Мәселе тілде емес, өзімізде деп едім. Алдымен туған тілімізге деген қарым-қатынасымызды реттеп, сапалы деңгейге көтеруіміз керек. Әр азаматтың бойынша тілге деген құрмет сақталуы тиіс. Тіл, алдымен, өзімізге керек. Сонда ғана ана тіліміздің дамуы жаңа деңгейге көтерілер еді, – деді Мәжіліс депутаты.

Айта кетейік, Берік Әбдіғали 2021 жылдың қараша айында Түркістан қаласында өткен құрылтайда халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті болып сайланған еді.

Бүгінгі басқосуда жергілікті тіл жанашырлары да сөз алып, қазақ тілінің дамуы туралы ойларын айтты, өзара пікір алмасты.

Сонымен қатар басқосуда жалпы халықтық референдумның еліміздің саяси,әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқаратындығы айтылып,жиналғандар осы саяси оқиғаға барлық халықты белсенді қатысуға шақырды.

Tags: 3 мегаполисреферендумшымкентәлеумет
Previous Post

Шымкентте референдумды халыққа түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде

Next Post

Шымкенттіктер сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегерін күтіп алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        On7news.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде on7news.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



old.on7news.kz сайт ескі нұсқасы

        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 04.03.2020 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № KZ68VPY00020921 Электронды почта: on7news.kz@mail.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі