«AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIII съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттілікті нығайту және ел бірлігін бекемдеу ұйымның айрықша миссиясының бірі екендігін баса айтты.
Бүгінгі таңда елімізде өзгерістер ерекше қарқынмен жүріп жатыр. Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен елімізде жүргізіліп отырған реформалар мемлекетіміздің саяси сәулетін кешенді қайта форматтауға, билік тармақтары арасында тежеу мен тепе-теңдік жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Еліміз басқарудың суперпрезиденттік формасынан түбегейлі бас тартып, Парламенттің, мәслихаттардың өкілеттіктерін күшейтіледі. Басымдықтардың бірі — партиялық-саяси саланы жаңғырту. Партиялық және сайлау заңнамасын ырықтандыру биліктің барлық деңгейлерінде қабылданатын шешімдердегі қоғам рөлін нығайтады. Сайлаушылардың дауысы үшін бәсекелестік барынша өткірлене түседі.
Жыл басынан бері партияның бірнеше съезі өтіп, онда мемлекет пен қоғамды түбегейлі жаңарту жолында маңызды шешімдер қабылданды. Партияға ребрендинг жасау қолға алынып, оны институционалдық тұрғыдан жаңарту жұмысы басталды. Партия бұл міндеттерді орындауға дереу кірісіп кетті. Бүгінгі таңда нақты нәтижелерге қол жеткізілді.
Ел Президенті бастаған саяси реформаларға партия жан-жақты қолдау көрсетуде. Мемлекет басшысы партия жұмысын халық игілігіне құруға айрықша мән берді. Осы заманғы сын-қатерлерге батыл жауап беріп, тың серпіліспен алда болуға біз әрқашай дайынбыз.
Алдымызға қойған мақсаттарға жұмыла отырып жетеміз!
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты,
«AMANAT» партиясының фракциясы мүшесі
БАДРИТДИН НИШАНКУЛОВ