Гарнизондағы үйлестіру рөлінің артуынан, әскери нысандардың және құқық қорғау органдарының басшылығымен конструктивті қарым-қатынастың нығаюынан соң заңдылық пен құқықтық тәртіптің жағдайы заңға сәйкестендірілді.
Бұл ретте, әскери қызметшілердің арасындағы әлеуметтік шиеленіс ошақтарының шұғыл түрде алдын алу мақсатында, гарнизонның әскери прокуратурасы әскери қызметшілердің әлеуметтік құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлуде.
Сонымен, әскери прокуратура 2022 жылдың өткен кезеңіндегі заңдылықты қадағалау жұмыстарының нәтижесінде, Шымкент гарнизонында орналасқан Қорғаныс министрлігіне бағынышты әскери бөлімдердегі 170 әскери қызметшінің құқықтарын қорғады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-бабына сәйкес, еліміздің азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 101-2-бабы 5-тармағына (әрі-қарай – Заң) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.02.2018 жылғы №49 қаулысымен бекітілген «Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларының» 41-тармағына сәйкес, мемлекеттік мекеме тұрғын үй төлемдерін ағымдағы және (немесе) біржолғы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімдері және есеп-қисаптар бекітілген күннен бастап бір ай мерзімде жүргізеді.
Одан бөлек, Заңның 101-2-бабы 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.02.2018 жылғы №50 қаулысымен бекітілген «Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларының» 9-тармағына сай, ақшалай өтемақы төлеу туралы бұйрық шығарылған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей ақшалай өтемақы алушының жеке арнайы шотына аудару арқылы төленеді.
Алайда, 2021 жылы әскери бөлімдердің жоғары тұрған қолбасшылығының жауапты лауазымды тұлғалары өздеріне жүктелген міндеттерін тисінше орындамағандықтан 170 әскери қызметшінің алдында ақшалай берешек туындап, 511 148 405 теңге көлемінде біржолғы тұрғын үй төлемдерін және ақшалай өтемақыны төлемегендіктен олардың құқықтары бұзылған.
Әрі-қарай, анықталған бұзушылықтар бойынша гарнизонның әскери прокуратурасы әскери бөлімдердің мекенжайына заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұсыну енгізгеннен кейін, әскери қызметшілердің алдындағы берешек толығымен төленіп, олардың конституциялық құқықтары қорғалды.
Е. Сыздықов
Шымкент гарнизоны
әскери прокуратурасының
аға прокуроры
әділет капитаны