Бүгінде мегаполистің 93 пайызы газбен қамтамасыз етілген. Бұл жылы көрсеткішті 94,7 пайызға жеткізу межеленген. Осы мақсатта шалғай орналасқан елдімекендерді көгілдір отынмен қамту кезегімен жүзеге асырылуда.
Шымкент қаласының даму жоспарына сәйкес, бүгін Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабына табиғи газ берілді.
Шаһар басшысы елдімекенге арнайы барып, атқарылған жұмыстардың барысын көрді.
Тұрғындар көгілдір отынды АГРС-3 нысаны іске қосылғанға «3-Энергоорталық» АҚ-дан тұтынады.
Тұрғындарды газға қосу жұмысы рет-ретімен жүзеге асатын болады. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.