«Естуші мемлекет» тұжырымдамасы аясында енді қаладағы мемлекеттік медицина ұйым басшыларына тікелей шағымдануға болады. Арыздары бар азаматтарды бас дәрігерлер емдеу мекемесіндегі фронт офисте қабылдап, қажетті медициналық көмекті көрсетеді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сондай-ақ медициналық мекемеде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар орын алған жағдайда 1424 телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз. Өтініштеріңізді Facebook және Instagram желісіндегі медициналық мекемелердің парақшаларына қалдырыңыз. Пациенттерден түскен өтініштер міндетті түрде назардан тыс қалмай, шешу жолдары бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі.
Бас дәрігердің фронт офисте қабылдау уақыты мен мекеменің әлеуметтік желідегі мекен жайы төмендегі кестеде көрсетілген.