Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Ontustik» телеарнасының эфирінен берілетін «Әкім сағаты» телебағдарламасына қатысты. Шаһар басшысы қаланың биылғы жылдың тоғыз айында қол жеткізген әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндап, көрермендер сұрақтарына жауап берді.
Қала әкімінің ауйтуынша, Шымкентте инвестиция көлемі биыл 260,7 млрд. теңгеге жеткен. Бес жыл ішінде 2,6 трлн. теңге болатын 282 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланса, биылғы жылы 152,6 млрд. теңге болатын 63 инвестициялық жоба іске асырылуда.
Кәсіпкерлікті қолдау бағытында «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 7 264,6 млн. теңге бағытталып, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,8 есеге артқан. Жыл басынан бері 1591 жоба қаржыландырылған. «Мен кәсіпкер боламын» арнайы іс-шаралар жоспарына бөлінген қаражат 1,5 есе өсіп, 186,1 млн. теңге бөлінген, 21 жоба қаржыландырылған.
Шаһар басшысы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларының да нақты көрсеткіштерін баяндап, белгіленген межелердің орындалғанын атап өтті.
Тұрғын үй құрылысында 6716 пәтерлі 115 көпқабатты тұрғын үй биыл пайдалануға беріледі. Оның ішінде 6 – арендалық, 33 – кредиттік үйлерден 2432 пәтер тапсырылады.