Шымкентте барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер айтарлықтай өсуде. Жыл басынан қала аумағында 2 бірдей өнеркәсіптік жылыжай кешені іске қосылды. Атап айтсақ, Қаратау ауданында «AGROPARK KZ» ШҚ және Еңбекші ауданында орналасқан «IGM-CORPORATION» ЖШС.
Қаратау ауданында орналасқан «AGROPARK KZ» ШҚ-ның аумағы 5,2 га құрайды. Жалпы инвестиция құны — 1 326,0 млрд. теңге. Аталған жобаға кеткен шығынның бір бөлігін өтеу бойынша мемлекет тарапынан 331,5 млн. теңге көлемінде субсидия бөлініп, қолдау көрсетілді.
Еңбекші ауданында орналасқан «IGM-CORPORATION» ЖШС-нің аумағы 4 га құрайды. Жалпы инвестиция құны — 1 050,0 млрд. теңге. Мемлекетті көрсетілген қолдау – 262,4 млн.теңге.
Қала аумағындағы 2 бірдей өнеркәсіптік жылыжай кешенінде жылына 1 200 тонна көкөніс өнімдері өндірілетін болады. Қазіргі таңда жылыжай кешенінде көкөніс өсіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұл шаралар Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға және азық-түлік саласында импортты алмастыруға бағытталған жобалар аясында жүзеге асып отыр.
Жылыжайдың ендігі мақсаты түрлі көкөніс, жеміс-жидектердің санын арттырып, халыққа қолжетімді, әрі тиімді бағамен жеткізу.