Шымкентте балабақша тәрбиешілері «Сұлулық біздің айналамызда» жобасы аясында өздерінің үздік тәжірибелерімен бөлісуде. «Көркемдік-эстетикалық шабытты дамыту» орталығы №49 «Жасұлан» бөбекжай-бақшасының педагогі, «Ягодка» ортаңғы топ тәрбиешісі Лариса Никитина «Танграм» ойыны тақырыбында шеберлік-сынып өткізді.
Танграм ойыны балаларды дамытуға үлкен септігін тигізеді. Басқатырмақ екенін түсіндірген ол ойнау әдістерін нақты көрсете алды. Ереже бойынша ойнауды және нұсқаулықты орындауды, көрнекі-бейнелі болжауды, елестетуді, назар салуды, түсті, өлшемді және пішінді, түйсікті, комбинаторлық қабілеттілікті түсінуге үйрететінін жеткізді. Көлем мен ауданның қасиеті танграммен тамаша суреттелетініне педагогтардың жұмыс барысында көздері жетті. Лариса Анатольевна өз әріптестеріне танграм ойыны арқылы ойжұмбақтар күнделікті қиыншылықтардан сергітетінін және олар өте қызық болатынын дәлелдей білді.
Тәрбиеші шебер-сынып барысында ойын ережесін, мақсаттылығын, оның жасалу жолын, қолданылуын, сюжет бойынша ертегі құрастыруға болатыны, үй жануарларын жасауға мүмкіндігін, би қимыл әрекеттерін, кім жылдам ойындарынның түрлерін көрсетті.