Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты Нұртас шағын ауданындағы жаңа құрылыс аумағын сапалы ауызсумен қамту бойынша биыл маусым айында құрылыс жұмыстары басталған болатын.
Мердігер мекеме «TURAN ENERGO GROUP» ЖШС тарапынан жүргізілген құрылыс жұмыстарының бүгінде 90 пайызы аяқталды. Жоба бойынша жалпы ұзындығы 40,8 шақырым ауызсу құбырының бүгінде 38 шақырымы орнатылды.
2021 жылдың қараша айында құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, Нұртас шағын ауданындағы 850-ге жуық абонент сапалы ауызсумен қамтылатын болады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі