Шымкент қаласының тұрғыны Шынар Сарыбаева –«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы. Ол көп балалы ана ретінде АӘК алушылар қатарына кіреді.
Мемлекет ұсынған мүмкіндікті тиімді пайдалану мақсатында биылғы жылдың наурыз айында 200 АЕК көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грантқа «тігін ісі» бойынша өтініш берген. Нәтижесінде комиссия жобасын мақұлдап, бүгінде көлікке арналған орындық қаптарын тігіп сатуда.
— Қолымыздан келген мүмкіндікті пайдаланып, мемлекеттен де қолдау тапқаныма қуаныштымын. Отбасымның әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жеке кәсібімізбен айналысып келеміз. Ең бастысы тапсырыс жасаушылардың көңілінен шығады – дейді 26 жастағы қала тұрғыны.
Айта кетсек, былтыр 4828 адам мемлекеттік грант алды. Оның ішінде 407-сі көп балалы отбасы мүшелеріне, 2122-сі аз қамтамасыз етілген отбасыларға, 29- мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ,1075- жастарға және 1195- өзге санаттағыларға берілді. Ал, биыл 600 азамат грантқа қол жеткізіп, өз армандарын жүзеге асыруда.