Шымкент қаласының инвестицялық штаб отырысында хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы талқыға түсті. Қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-ииновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебеков хаттамалық тапсырмалардың орындалуы бойынша баяндама жасады.
Басқарма басшысының айтуынша, жалпы 145 хаттамалық тапсырма берілген. Бүгінде оның 137-і орындалса, 8-і орындалу сатысында.
Атап айтқанда, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы 2, энергетика және коммуналдық-шаруашылық басқармасы тарапынан 6 тапсырма орындалуда.
«Тассай» индустриялық аймағында орналасқан «DENTAFILL KAZAKHSTAN» ЖШС дәрі-дәрмек және гигиеналық бұйымдар өндірісі жобасын қажетті газ жүйесімен қамтамасыз ету мәселесі бойынша ұсыныс енгізілген болатын.
Бүгінде «Тассай» индустриялық аймағында орналасқан кәсіпкерлік нысандарға табиғи газдың жетіспеушілігі бойынша 2-ші кезеңінің құрылыс жұмыстарына (табиғи газ) жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Сонымен қатар, «Тассай» индустриялық аймағы инженерлік инфрақұрылымының құрылысы бойынша техникалық-экономикалық негіздемесіне түзетулер енгізілуде. 2021 жылдың қыркүйек айының соңына дейін сараптама қорытындысы алынады.
Құрылыс жұмыстарын 2021 жылдың соңына дейін жүргізіп, аймақтағы өнеркәсіп нысандарын табиғи газ жүйесімен қамту жоспарлануда.
Жалпы хаттамалық тапсырмаларды 1 қарашаға дейін орындау міндеттеліп отыр.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі