Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған онлайн сабақ ұйымдастырылды.
«Қазіргі әлемдегі Қазақстан» деп аталатын НЗМ-нің авторлық бағдарламасы негізінде әзірленген сабақ еліміздегі жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған.
Бұған қаламыздағы жетекші 30 мектептен 900 оқушы қатысып, «Youtube» желісіндегі ресми канал арқылы тікелей трансляцияны тамашалады. Сабақ барысында тәуелсіздік алған жылдан бастап бүгінге дейінгі хронологиялық кезеңдер түсіндірілді.
Айта кетсек, биыл аталған мектепке ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының «Өркен» білім грантын 145 үміткер иеленіп, 7-сыныпқа оқуға қабылданған.
Зияткерлік сабағы барысында барлық карантин талаптары қатаң сақталды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі