Шымкент қаласында тәуелсіздік жылдарында мал шаруашылығы ерекше қарқынмен дамып, мал басы біршама артқан. Мәселен ірі қара мал басы ширек ғасырдан астам уақыт ішінде 11 мыңнан 76,2 мыңға көбейген, яғни өсім 6,9 есені құрап отыр.
Шаһардың ауыл шаруашылығындағы жетістіктерді мына ресми деректерден анық көре аламыз. Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының берген мәліметіне сәйкес, ірі қара мал басы ширек ғасырдан астам уақыт ішінде 11 мыңнан 76,2 мыңға көбейген, яғни өсім 6,9 есені құрап отыр. Тоқсаныншы жылдардың басында қалада 34,6 мың қой мен ешкі болса, бүгінде оның саны 91,5 мыңға жетті. Отыз жылда уақ мал 2,6 есеге өскен. Шаруалардың қолында қазір 14,1 мың жылқы бар. Оның саны осыдан он жыл бұрын 1,4 мың ғана еді. 1991 жылы тіпті одан аз, небәрі 0,9 мың болды. Сонда тәуелсіздік кезеңінде жылқы басы 15,7 есеге көбейген.