Шымкентте «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде «Жастар практикасы» арқылы жұмысқа орналасқандардың бірі-Қуандық Жанерке. Ол былтырғы жылы Шымкент көпсалалы колледжінде «Медбике» мамандығы бойынша білім алған.
Жас маман оқу бітірген соң жұмыссыз мәртебесін алып,биылғы жылдың мамыр айында қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы № 1 қалалық Клиникалық ауруханасына
уақытша жұмысқа жолданды.
— Жастар практикасы бағдарламасы арқылы уақытша болса да жұмыс тауып,қазіргі уақытта № 1 қалалық Клиникалық ауруханасына жұмыс жасап жатырмын. Осы ауруханада жансақтау бөлімінде көмекші ретінде біліктілігімді арттырып, мамандығым бойынша жұмысым ұнайды.»-дейді 21 жасар қала тұрғыны.
Жалпы,«Жастар практикасы» уақытша жұмыс орны болып есептелінеді. Жас мамандар үшін тәжірибе жинақтап, жұмысқа орналасуға зор мүмкіндік.
Аталған бағдарламаға 29 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде (2019,2020,2021ж) жоғарғы оқу орындары мен колледждердің түлектері қатыса алады. Жалақысы 25 АЕК (72 925 тг) құрайды. Бұл бағдарламаға тек бір рет қатысуға болады.
Шымкентте жыл соңына дейін «Жастар практикасымен» 2500 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, жыл басынан бері 2176 шымкенттік жастар аталған бағдарламамен түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға жолданды.