Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының тапсырмасына сәйкес, Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев ауданда қарқынды салынып жатқан кәсіпкерлік нысандардың құрылысымен танысты.
Аудан әкімі құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан шағын кәсіпкерлік бизнес өкілдеріне құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында әрқашан қолдау білдіретінін айтып, кәсіпкерлердің ұсыныстарын тыңдады.
Осы орайда инвестиция тарту — қаланың экономикалық әл-ауқатын дамытудың басты кілті. Айта кетейік, ауданға ағымдағы жылы 25 млрд. теңге көлемінде инвестиция тарту межесі бекітілген.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі