Биылғы 2021-2022 оқу жылында «Білімді ұлт — тұрақты даму кепілі» тақырыбында республикалық тамыз кеңесі барша педагогтерге өткізу міндеттелген болатын.
Орал қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті Шымкент қаласы білім басқарамына қарасты әдістемелік орталығымен өзара тәжірибе алмасу мақсатында достық кездесуін қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерімен ұйымдастырды.
Мақсаты: Оқу мен оқыту үдерісіндегі тіл мамандарының тәжірибесімен алмасу, әрі достық қарым-қанынасты нығайту, кәсіби біліктілікті жетілдіру.
Конференция ZOOM платформасында «Инновациялық әдіс және қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың тиімді жолдары» атты тақырыпта онлайн форматта (https://us02web.zoom.us/j/82335254012… Конференция идентификаторы: 823 3525 4012, Кіру коды: 214052 ) 18.08.2021ж күні батыс уақытымен сағат 09.00-де өтілді.
Тамыз конференциясының модераторы Орал қаласының білім беру бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері Тасимова Алима Утегеновна жүргізді. Шымкент қаласынан аталмыш конференцияға Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, филология ғылымының магистрі, педагог-зерттеуші, педагог-тренер Салыбекова Бибигул Есимханкызы өз тәжірбиесімен Оралдық әріптестерімен бөлісті.
Нәтижесінде қазіргі таңдағы цифрлық сауаттылықты пәнге негіздеудің қадамын, практика барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнімен ІТ құзыреттілікті қалай байланыстырудың жолдарын көріп, көпшілік ықыласына бөленді. Конференцияға қатысушы әріптестер өз ризашылықтарын білдірді. Алдағы уақытта Шымкент білім басқармасына қарасты әдістемелік орталықпен бірлесіп жұмыс жасау барысында педагогтердің кәсіби біліктіліктілігін арттыру мақсатында «достық», «іскерлік» кездесуін жалғастыруға ізгі ниеттерін білдірді.