Шымкент қаласында 30 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемесі және мемлекеттік жекешелік-әріптестік аясында 5 спорт нысаны жұмыс істейді. Аталған мекемелерде спорттын 68 (36 олимпиадалық, 32 олимпиадалық емес) түрі бойынша оқу-жаттығу сабақтары жүргізілуде.
2021 жылдың 6 айында қала спортшылары ҚР чемпионаттары мен кубоктарына қатысып, 364 алтын, 260 күміс, 312 қола медаль жеңіп алды. Жыл басынан бері өткен Азия чемпионаттарында қала спортшылары 6 алтын, 7 күміс, 4 қола медальге қол жеткізді.
Сондай-ақ, әлем чемпионаттарында 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль, әлем кубоктарында 4 алтын, 5 күміс және 12 қола медальге ие болды.
Елімізде әр төрт жылда бір рет өтетін Қазақстан Республикасының V Жастар спорттық ойындарында қала спортшылары алдыңғы орындардан көрінуде. Қазіргі таңда Шымкент қаласының құрама командасы 1004 ұпаймен жалпы командалық есепте 2 — орында келеді.
5-ші жазғы Жастар спорттық Ойындарының жарыс бағдарламасына сәйкес, 3 спорт түрі қалды. Яғни, байдарка мен каноэда есу, триатлон және трек. Аталған іс-шараның қорытындысы тамыз айының соңында анықталатын болады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі