Шымкент қаласында орналасқан металл бөшкелерін шығаратын «UKO-S Star» ЖШС – өнідіріс нысаны бүгінде қарқынды жұмыс жасауда . Аталмыш кәсіпорынға 500 млн теңге инвестиция тартылып, 40 адам жұмыспен қамтылған. Зауыт заманауи технологиялармен жабдықталған. Өндіріс орнында жылына сыйымдылығы 150 литр болатын 100000 дана болат бөшке өнімдері шығарылады. Мемлекеттің қолдауымен «Тассай» индустриялық аймағынан 2 гектар жер телімі берілген.
«UKO-S Star» ЖШС — металл бөшкелерін шығаратын кәсіпорыны биыл Елорда күні мерекесіне орай жұмысын бастаған. Нысанның ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов онлайн форматта қатысқан болатын.
Атап өтейік, Елорда күні мерекесіне орай Шымшаһарда 11 инвестициялық жоба іске қосылған болатын. Олар: «UKO-S Star» ЖШС, «СК-АЙМАҚ» ЖШС, «TABA INDUSTRIAL» ЖШС, «KASPY STEEL» ЖШС, «Балкибеков» ЖК, «SAGITEX GROUP» ЖШС, «AgroPark» ЖК, «Барыс 2007» ЖШС, «Халаев» ЖК, «Зертас» және «Алтынсай» ШҚ.