Шымкент қаласында жыл басынан бері 2 «Әлеуметтік дүкен» ашылған болатын. Мемлекет басшысының «Егіс даласынан дүкен сөресіне дейін» атты пилоттық жобасын жүзеге асыру мақсатында қала әкімі Мұрат Әйтенов шаhарда әлеуметтік дүкендер санын көбейтуді тапсырған еді.
Осы мақсатта қалада азық-түлік бағаларын тұрақтандыру шаралары аясында «Әлеуметтік дүкендер» санын арттыру үшін ірі шаруашылықтың бірі — мал бордақылаумен айналысатын «Қасқасу-С» ШҚ-на айналымға 200 млн теңге қарыз қаражат беріліп, келісімшарт түзілген.
Бүгін аталған келісімшарт аясында Нұрсәт шағынауданы, Назарбеков көшесі 12/5 мекенжайында «QAZ ЕТ» әлеуметтік дүкенінің екінші нүктесі жұмысын бастады. Әлеуметтік дүкенде ет өнімдері белгіленген бағада сатылатын болады.
Алдағы уақытта шаруа қожалық халқы тығыз орналасқан аймақтарда жыл соңына дейін 2 әлеуметтік дүкен және 4 жылжымалы ет өнімдерін сататын сауда нүктелерін іске қосуды жоспарлап отыр.
Әлеуметтік дүкендер санын арттыру, бағаны тұрақтандыру шаралары қала әкімінің тікелей қадағалауында тұрғанын айта кетейік.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі