Бүгін Шымкент қаласында 110/10 кВ «Самал» қосалқы станциясы іске қосылды. Осыған байланысты сағат 11:00 — 17:00 аралығында Асар, Самал-3, Солтүстік-батыс, Отау, Ақжайық шағынаудандары мен Төлеметов көшесі бойында орналасқан “Көкжайлау” тұрғын үй кешенінде электр қуаты уақытша сөндіріледі.
2021 жылдың наурыз айында 110/10 кВ «Самал» қосалқы станциясында өрт шығып, апатты жағдай орын алған болатын. Қазіргі уақытта қосалқы станцияны қайта іске қосу үшін атқарылған күрделі жұмыстар аяқталып, жоғарыда аталған елдімекендер “Самал” қосалқы станциясына қайта қосылатын болады.
Сондықтан, Асар, Самал-3, Солтүстік-батыс, Отау, Ақжайық шағынаудандары мен Төлеметов көшесі бойында орналасқан “Көкжайлау” тұрғын үй кешенінде жарық уақытша сөнеді.
Қала тұрғындарын уақытша қолайсыздыққа түсіністік танытуға шақырамыз.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі