«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының іс-шаралары бекітілген болатын. Аталған жол картасында 2022-2025 жылдар аралығында қабылданған бағдарлама негізінде республика бойынша барлығы 250 апатты тұрғын үйлерді бұзу және тұрғын үй мен жер учаскесін реквизициялау тәртібімен азаматтарды одан көшіру қарастырылған.
Қазіргі таңда, Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде 44 850 азамат (жыл басында 42 269) тіркелген. Оның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша — 1 727, көпбалалы отбасылар — 8 093, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы — 15 311, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер — 19 692, жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар — 27-ні құрайды.
Аталған азаматтарға көрсетілетін қызметте ашықтықты қамтамасыз ету үшін кезекте тұрғандардың бірыңғай республикалық электрондық дерекқорының сервисі қолданылуда.
Осы сервис арқылы азаматтарының кезектілік тізіміне түгендеу жұмыстары жүргізіліп, тұрғын үй кезегінде тіркелген және жалдамалы баспанамен қамтылған азаматтар (отбасы мүшелерімен бірге) бойынша, иелігінде тұрғын үй тіркелген, басқа елді-мекенге қоныс аударған, санатын жоғалтқан, қайтыс болу себептерімен 1 153 азамат тұрғын үй алу тізімінен шығарылды.